АҚШ Федералдық соты судьсы 2013 жылы Бостондағы марафонда жарылыстар ұйымдастырды деп айыпталған Джохар Царнаевты ресми түрде өлім жазасына кесті.
Сот отырысы кезінде Царнаев жарылыс құрбандары алдында кешірім сұрады. "Өзгелердің өмірін қиып, азап шектіргенім үшін және орны толмас зардап келтіргенім үшін кешірім сұраймын" деді 21 жастағы Царнаев.
15 мамырда алқа соты оны айыпты деп танып, өлім жазасына кескен.
Джохар Царнаев пен оның ағасы Тамерлан Царнаевтың 2013 жылдың 15 сәуірі күні марафон мәреге жетіп қалған тұста жасаған екі жарылысынан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған. Тамерлан Царнаев оқиғадан бірнеше күннен соң полициямен атыста оққа ұшқан.