$ 498.34  519.72  4.85

Елімізге шетелдік ескі көліктер келе бастайды

Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін республикаға Германиядан және Еуропаның басқа да елдерінен мінілген көліктер қайтадан әкеліне бастайды. Мұндай болжамды Almaty.tv телеарнасының эфирінде танымал қазақстандық экономист Уәлихан Төлешов айтты.

Экономист Қазақстан ДСҰ-ға мүше елдердің қатарына ресми түрде қосылған сәттен басталатын бейімделу кезеңін барынша өз пайдасына шеше білуі тиіс деп санайды.

«Импорттық кедендік тариф 20 жыл ішінде 20 пайызға жеңілдетіледі. Сол уақыт аралығында отандық көлік құрастырушылар, өндірушілер жедел бейімделіп, аяғынан тұруы тиіс. Егер олай ете алмаса жөнді көлікқұрастыру өндірісін қалыптастыра алмаймыз», - деді У.Төлешов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары