Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековке Мәскеуден ТМД елордалары мен ірі қалалары Халықаралық Ассамблеясының бас директоры В. Селивановтың атынан жеделхат келді.
Жеделхатта Халықаралық Ассамблеяның ХХІІІ сессиясының шешімімен Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков аталмыш ұйымның вице-президенті болып тағайындалғаны туралы айтылған.
Бас директор Астана әкімін Ассамблея атынан осы оқиғамен құттықтап, нәтижелі серіктестік пен Халықаралық Ассамблеяда Қазақстан астанасы мен ірі қалалары лайықты өкілдік ететініне сенім білдірген, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.