$ 447.4  477.55  4.76

Елбасы жанармай құю машинисі жазған хатқа жауап берді

Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ жанармай құю машинисі Галина Михнованың  ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған хатына Елбасының өзі жауап берді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз хатшысы Жазира Сыздықова.

Галина Михнова хатында  өзі жайлы айта келе, Мемлекет басшысын кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен, сондай-ақ алда келе жатқан туған күнімен құттықтады.

«Мен Қазақстанда туып-өскеніме, осы жерде тұрып жатқаныма өзімді бақытты санаймын. Екібастұз МАЭС-інде жанармай құю машинисі болып жұмыс істегеніме 20 жылдан асты. Сіз көптеген жылдар бойы біздің Президентіміз болып келе жатқаныңызды мақтан тұтамын. Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеміз», - деп жаза келе, Г. Михнова Елбасына өлең жолдарын арнайды.

«Быть нашим Президентом Вам свыше суждено.

И столько лет быть Лидером не каждому дано.

Испытывает гордость за Казахстан народ,

Дружнее и богаче стал казахстанский род!»

Нұрсұлтан Назарбаевтың жауап хатын Павлодар облысы әкімі аппаратының құжат айналымын қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жетекшісі Жанат Хамметов Г.Михноваға табыс етті.  

«Құрметті Галина Васильевна! Хатыңызда көрсеткен жылы лебізіңізге және менің қызметіме арнаған өлең жолдарыңыз үшін рахмет айтамын. Экібастұз қаласының және Сіз қазір жұмыс істеп отырған станцияның қалыптасуы менің қатысуыммен өтті. Бұл өндіріс алыптары - Қазақстанның мақтанышы. Өзіңізбен бірге жұмыс жасайтындарға сәлемімді жеткізіп, игі тілегімді қабыл алыңыз», деп жауап жазды Мемлекет басшысы.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары