29.06.2015, 18:00

Ең таза қалта телефоны шығарылады

altaynews.kz

Ұялы телефондар бойына кірдің ең көп жиналатыны белгілі.

Онда бірнеше мыңдаған микробтар қозып жатады деуге де болады. Ал BlackBerry компаниясы болса, осы мәселені шешу жолын тауыпты, деп хабарлады www.24.kz.

Ол ауруханадағы дәрігерлердің қолдануына арналған бактерияларға қарсы телефон шығармақ. Компанияның бас директоры Джон Чен медиктердің бұл телефонды зарарсыздандыруға аз ғана уақыт жұмсайтынын айтты. Суррей Университетінің зерттеуіне сәйкес, қалта телефонының корпусына қонатын микробтар негізінен зиянсыз, бірақ кейде алтын стафилококк тәрізді қауіптілері де құрылғы бетіне қонуы мүмкін екен.  

Жалпы дәрігерлер үшін мынадай ереже бар: олар науқастың палатасына кіргенге дейін және одан шыққаннан соң мобильді құрылғыларын спирттелген майлықпен сүртуі тиіс. Осы ретте жаңа өнертабыс ақ халаттылардың уақытын үнемдейді, деп жазады MedDaily.ru.