$ 494.87  520.65  4.91

Ислам ғұламалары Қытай билігінен мұсылмандарға қысым көрсетпеуді талап етті

Аса беделді ислам ғұламаларының халықаралық бірлестігі Қытай билігінен осы елдегі азшылықты құрайтын мүсылмандардың ораза ұстауына салған тыйымның күшін жойып, мұсылман жамағатына қысым көрсетпеуді талап етті.

«Діни және этникалық белгілеріне қарап, мұсылмандарды, әсіресе, Синьцзян-Ұйғыр аймағындағы мұсылмандарға көрсетіліп жатқан қысым Қытайдың және халықаралық заңнамаларға қайшы келеді», - деп айтылған аталмыш бірлестіктің мәлімдемесінде. Бұл жайында «IslamNews» порталы «OnIslam.net» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Ислам ғұламаларының айтуынша, Қытайдың діни азшылықты құрайтындарға қатысты жүргізіп отырған бүгінгі саясаты Қытай елі 1949 жылы мақұлдаған (ратификациялаған) Женева конвенциясына қайшы келеді. Ислам ғұламалары, сондай-ақ, Ислам ынтымақтастық ұйымын Қытайдағы мұсылмандардың құқығы үшін күресуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары