$ 448.15  483.46  4.86

Елорда күніне орай дүкендерде жеңілдіктер болады

Елорда күніне орай қалалық сауда желілерінде мерекелік акциялар өтеді, деп хабарлайды astana.kz.

Атап айтқанда, 1-19 шілде аралығында «5 минут» супермаркетінде жеңілдіктер акциясы өтеді. Мұнда күн сайын сағат 20:00-ден бастап аспаздық тағамдарға 30% жеңілдік жасалады, сонымен қатар 6 шілдеде Тұран, 24, Жангелдин, 31А, Рысқұлбеков, 4 мекенжайлары бойынша орналасқан дүкендерде тәтті тағамдардан дәм татуға болады.

Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының хабарлауынша, «Әнуар» супермаркеттер желісінің барлық дүкендерінде жеңілдіктер 17-50% құрайды.

«АқОрда Capital» ЖШС-інде мерекеге орай азық-түліктерге (сүт өнімі - 7-15%, жұмыртқа - 10%, құс еті - 10%, тәттілер - 30%, сусындар - 20%) 30%-ға дейін жеңілдіктер жасалады.

Ал елордалық «Мастер», «Аружан» және «Хан Шатыр» орталықтарындағы «Green» сауда желісі 1-7 шілде аралығында өз тауарларын 17% жеңілдікпен сатады және шілденің 6-сы күні мұнда келушілер ерекше ілтипат бөлінбек: әр сатып алушыға, балаларға тәтті тағамдар ұсынылады.

«Астықжан» сауда орталығында елорда күні аясында тұрғындарға 50% жеңілдіктер жасалмақ. 1-6 шілде аралығында мұнда әлеуметтік маңызы бар тауарларға жеңілдіктер қарастырылған.

Сонымен қатар «Smаll», «А2», «Магнум Кэшен энд Кэри», «Астана мир вкуса» сауда желілерінде де айтарлықтай жеңілдіктер болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары