Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа деректі фильмде туыстарының Рахат Әлиевтің ісіне реакциялары туралы айтып берді, - деп хабарлайды КТК.
1 шілдеде сағат 21.30-да "Хабар" және КТК арналарынан "С Назарбаевым о главном" атты деректі фильм көрсетіледі. Мемлекет басшысымен әңгімені Президент телерадиокешенінің басшысы Ерлан Бекқожин жүргізеді. Сұхбат барысында партиялық тартыс, президенттік билік мәселелері жайлы айтылады. Сонымен қатар, фильмде тұңғыш рет мұрағаттық кадрлар көрсетіледі. Назарбаев сұхбат барысында бірқатар саяси құпияны ашып, достары мен туыстарына ескерту жасайды.
"Адамдар неге менің үш немеремнің әкесін түрмеге отырғызғанымды ұмытты? Олар аналарымен бірге менің алдыма көздеріне жас алып келмеді деп ойлай ма? Келді. Мен алаңдамады дейсіздер ме? Әрине, алаңдадым. Бірақ мұның айқын екенін, тіпті тыс екенін көргенде де, мен тоқтамадым. Туыстарым жиналып, барлығы көндіруге тырысты. "Сенің қолыңда ғой, жаптыра салсаң нең кетеді", - деді. Мен барлық туыстарыма, балаларыма, достарыма ескерткім келеді, бұл жерде сот жоқ деген болмайды", - деді Назарбаев сұхбат барысында.
Еске сала кетейік, Рахат Әлиев Презденттің қызы Дариға Назарбаеваның жолдасы болған еді. Ол 2007 жылға дейін Қазақстанның Австриядағы елшісі қызметін атқарды. 2008 жылы ол Қазақстанда ауыр қылмыстар жасағаны, атап айтқанда, отанын сатқаны, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғаны үшін 40 жылға бас бостандығынан айырылды. Әлиев 2007 жылдың көктемінен бері шетелде жасырынып жүргендіктен сот үкімі сырттай шығарылды.
Құқық қорғау органдары Рахат Әлиевті өткен жылдың 5 маусымы күні Венада ұстаған еді. ҚР Бас прокуратурасы оны ұстауға "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Темірәлиев пен Хасеновті ұрлау мен өлтіруге қатысты тергеу материалдары негіз болғанын хабарлады.
23 ақпан күні түнде Рахат Әлиев Вена түрмесінде асылып қалған күйі табылды.