$ 447.4  477.55  4.76

«Студенттің орнына сабаққа бару» бизнесі

Қытайлық студенттер түрлі сылтаумен сабаққа бармай қалады. Олардың арасында түнгі ауысымда жұмыс істейтіндер мен жәй ғана қыдырудан қолы тимейтіндер де бар. Бірақ олардың барлығы да сабаққа қатысқан болып есептеледі. Себебі, олар ақша төлеп  өз орындарына  өзге адамды қатыстырады, деп хабарлайды epochtimes.ru.

Бұл үшін жоғары оқу орнындағы сабаққа барғысы келмеген студент әлеуметтік желі арқылы толық аты-жөнін, өзі қатыспайтын сабақтың өту уақытын, тағы басқа да қажетті мәліметті жариялайды. Ал мұны біліп алған «студент орнына сабаққа барғыш» адам оған хабарласып, екеуі келіседі. Мұндай қызметтің түрі 45 минут дәріске қатысу үшін 25 юань (шамамен 600 теңгеден астам сома) тұрады екен. Ал егер ол адамды көбірек уақытқа жалдайтын болса, бағасы арзанға түседі. Енді сондай адамдарды қарастырып, кескін-келбеті ұқсас үміткерлерді іздестіретін делдалдар пайда болыпты. Олар студентке дублер тапқаны үшін 5 юань алады.  Жалпы «студент орнына сабаққа барушының» жұмысы қиын емес. Бар болғаны аудиторияға кіріп отырып, оқытушы журнал бойынша түгендегенде, «мұндамын» десе болды. Ал егер кенеттен өзге сұрақ қойылып қалса, ол беретін жауап «білмеймін» болуы тиіс екен. Қазір бұл бизнес түрі елдің бірнеше қаласында қарқын алып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары