Бішкекте түрмеден қашып кеткен 24 жастағы Қазақстан азаматы полицейлерге ұсталған кезде өзін жарып жіберді.
Қылмыскер оқиға орнында қаза тапқан деп хабарлайды КирТАГ.
“1 шілде күні, шамамен сағат түнгі 3 кезінде іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Альберт Абхин өзін жарып жіберді. Оның денесінің қалдықтары Бішкектің Ленин ауданындағы Кривоносов көшесінен табылды”, – делінген агенттікке сұхбат беруші.
Ал түрмеден қашқан тағы бір қазақстандық туралы еш ақпарат жоқ. Қазіргі таңда бұл іс бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, Қазақстан азаматтары – 24 жастағы Альберт Сатыбалдыұлы Абхин мен 27 жастағы Жанболат Әміров Бішкекте бірнеше қылмыс жасағаны үшін 4 жылға сотталған болатын. Алайда, олар түрмеден қашып кеткен.
25 маусым күні күдіктілердің бірі тапаншамен ауаға оқ атса, екіншісі гранатаны жарып жіберемін деп қорқытып, тәртіп сақшыларынан құтылып кеткен болатын.