05.05.2018, 05:19

Айжан Байзақова Стамбұлда ақшасыз 1 ай қалай демалғанын айтты

Атышулы Айжан Байзақова Түркияның Стамбұл қаласында 1 ай бойы ақшасыз қалай күнелткенін айтты. Ішіп-жемнен бөлек блогер 30 күн бойы сіңлісі екеуі әдбен қаланы аралап қайтыпты.

«Сіңілім екеуміз жалдамалы пәтерде тұратынбыз. Күнде қытай лапшасын жеп күнелтіп жүрдік. Қолымызда Ihone. Бір кезде екеуміз де телефонымызды сатып, Стамбұлға баруға билет алдық. Қайтатын білетке ақша жоқ. Сол жерде 1 ай бойы іштік, жедік, қаланы араладық», – деп жазды ол.

Алайда, Байзақова Стамбұлда кімнің қалтасын қағып келгенін айтпады.