$ 498.34  519.72  4.85

Ресейде Путинге қарсы наразылық акциялары өтіп, 600-ден астам адам ұсталды

Сенбі күні Ресей қалаларында өткен "Ол бізге патша емес" ("Он нам не царь") қарсылық акциялары барысында 600-ден астам адам ұсталған. Бұл туралы "ОВД-Инфо" құқыққорғау порталы хабарлады.

Биылғы наурызда Ресей президенті болып төртінші мерзімге сайланған Владимир Путиннің мамырдың 7-іне белгіленген инаугурациясына орайластырылған үкіметке қарсылық шерулері Ресейдің ондаған қалаларында өткен.

Картинки по запросу он нам не царь

Мәскеу мен Челябинскінің әрқайсысында 150-ден аса адам ұсталған. Мәскеуде полиция бұған дейін жақтастарын мамырдың 5-і күні Путинге қарсылық танытып көшеге бейбіт шеруге шығуға шақырған оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды ұстаған.

Бұдан өзге Якутск, Красноярск, Краснодар, Калуга және Новокузнецк қалаларында қарсылық шараларына шыққан ондаған адам ұсталған.

Ресейлік полиция қызметкерлері "Ол бізге патша емес" қарсылық акциясына қатысушыларды ұстап жатыр. Мәскеу, 5 мамыр 2018 жыл.

Саратов қаласында жергілікті билік келісім бермеген акция кезінде полиция қызметкерлері жас баланы ұстаған. Азаттықтың Орыс қызметінің тілшісі көшеде шеруге қосылып кетіп бара жатқан оқушы баланы сөзге тартты. Ол қарсылық акциясына қатысуға әкесінен рұқсат алғанын, шеру өтетін күні өзі оқитын мектеп оқушыларға сенбілікке қатысуды міндеттеп, оған келмегендерге орыс тілі пәнінен екі деген баға қоюға уәде еткені туралы айтып берді.

Бұған дейін жұма күні Ресейдің бірнеше қаласында полиция өкілдері Навальныйдың жақтастарын ұстап әкеткен болатын.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары