$ 498.34  519.72  4.85

Жылдамдық рекордын орнатпақ болған француз велосипедшісі құлап өлді

Францияның экстремал велосипедшісі Франсуа Жисси әлемдік рекордын жаңартамын деп өліп кетті. Ол өзінің реактивті велосипедімен бірге құлап кеткен деп жазады L'Alsace.

Оқиға 5 мамыр күні таңертең болған. Велошабандоз сағатына 300 километр жылдамдықпен жүріп келе жатып тізгінге ие бола алмай қалған екен. Оның велосипеді жолдан шығып кетіп, бірнеше рет аударылған.

Франсуа Жисси аталған трассаны рекорд орнату үшін пайдалануға рұқсат сұрамаған екен. Сондықтан қазір Жоғарғы Рейн департаментінде тексеру жүріп жатыр.

Айта кетейік, 2014 жылы Жисси өзінің реактивті велосипедімен сағатына 333 кмлометр жылдамдықпен жүріп, рекорд орнатқан болатын. Кеше ол осы көрсеткішті 400 км/сағ дейін жеткізбек болыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары