Индонезияның Ява аралында үш бірдей шіркеуде жарылыс болды. Әзірге қаза тапқандар саны 9 адам, алайда бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін. Тағы 40-тан астам адам жараланған деп мәлімдеді Jakarta Globe басылымы өзінің Twitter-парақшасында.
Бұған дейінгі мәлімет бойынша 6 адам қаза тауып, 35 адам жараланған болатын.
"Жарылғыш заттар Сурабая мен Шығыс Явадағы үш шіркеуде іске қосылды. Полиция әзірге бір жанкештінің барын анықтап отыр. 9 адам қаза тауып, 40 адам жараланды", - делінген тілшілер таратқан мәліметте.
Алғашқы жарылыс Сурабая қаласындағы Әулия Мария католиктер шіркеуінде жергілікті уақытпен таңғы 07:15-те болған. Келесі екі жарылыстың аралығы 5 минутты құрайды. Екінші жарылғыш зат протестанттардың Джалан Дипонегоро шіркеуінде, үшіншісі Арджуно көшесіндегі шіркеуде іске қосылған.
Терактіні жүзеге асырғандар шіркеуге келушілер секілді киініп алған және жарылыс болғанда олар да жұртпен бірге ғибадат етіп тұрыпты.