$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында суықтан малдар қырылып жатыр

Павлодар облысында суықтан қырылған қой-екшінің санын анықтау бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Бүгінгі күнге дейін өлген малдың саны 2000-ға жетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Бұл туралы ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Рашид Нұрбеков хабарлады. Өңірдің бас мал дәрігері қойлар мен ешкілер қырқылған соң суық тиіп қырылды деген тұжырым жасауға болатынын айтады. 

- Қазіргі таңда өңірде мал өлімінің себебін анықтау мақсатында зертханаларға 30-дан астам сынама жіберілді. Сондай-ақ оқиға орын алған жерлерде мал дәрігерлері, коммуналдық қызмет мамандарынан құралған комиссиялар жұмыс жасауда. Жалпы, мал күтімді талап етеді. Білуімше, қырқылғаннан соң малды 15-20 күн бойы алыс шақырымдық жерде бағуға болмайды. Себебі, салмағы шамамен бес келі болатын жүн дененің температурасын бірқалыпта ұстап тұрады. Ал қырқылған мал суық жаңбыр мен желге төзбесі анық. Дегенмен нақты қорытынды алдағы бес күннің ішінде шығарылады, - дейді өңірлік бас мал дәрігер.

Айта кетерлігі, қырылған малдың дені – қырқылған қой-ешкілер. Мамандардың сөзінше, қырқу жұмыстары жыл сайын маусым-шілде айларында жүргізіледі. Дәл осындай қолайсыз ауа райы Баянауыл ауданында да орын алған. Бірақ, бұл ауданда  мал шығыны жоқ. Еске сала кетейік, малдың қырылу фактілері Ақсу, Екібастұз ауылдық аймақтары мен Павлодар, Лебяжі аудандарында тіркелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары