$ 447.4  477.55  4.76

CҚО-да ұрлық жасап байымақ болған жігіт ұсталды

Петропавлда полицейлер жергілікті тұрғынынан 15 велосипед пен скутер тәркіледі.

Бұл туралы СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Азаматтар көшеде тұрған адамнан велосипедтерді едәуір арзан бағаға сатып алған. Кейін белгілі болғанда, ол бұл қымбат көлік құралдарын көп қабатты үйдердің аулалары мен подъездерінен ұрлаған. Қалалық ІІБ жедел қызметкерлері ұрлық жасаған 35 жастағы азаматты ұстады», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді.  Енді «саудагер» жігіт 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал арзан тауар сатып алғандарға ақшасын қайтарылуы екіталай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары