20.05.2018, 08:47

Көкшетауда сауда үйінен өрт шықты (ВИДЕО)

Көкшетауда "Триумф" сауда үйінен өрт шықты, - деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. 

Құтқарушылардың мәліметінше, өрт 12.35-те шыққан. Екіқабатты сауда үйінің төбесі өртенген. Алдын ала болжам бойынша, өрт шалған аумақ - 400 шаршы метр. Ғимараттан 35 адам эвакуацияланған. Өрт 13.05-те ауыздықталды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.  Өртті сөндіруге ТЖД күші жұмылдырылған: 45 қызметкер мен 9 дана техника. 

Дереккөз: Тengrinews.kz