Белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков бұдан былай Түркістан қаласының бас педагогы.
Облыстық білім басқармасының келісімімен Түркістан қаласы әкімінің бұйрығы негізінде Бекарыс Шойбеков шілденің 8-інен бастап Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды деп жазады rgmedia.kz
Сахна сәні, айтыстың дүлділі болып жүрген ақын Бекарыс Шойбеков 2015 жылдан бері Шымкент қаласындағы облыстық "Әдеп-ғұрып және салт-дәстүр" орталығы директорының орынбасары қызметтерін атқарып келген еді.
Бекарыс еңбек жолын білім саласы, мектептен басталған. Айтыс-тартысы көбірек білім саласына айтыстың ақтангері тағайындалса бәлкім біраз кемшіліктер түзелер деген сенім бар. Жаңа қызметінде табысты болуына тілектеспіз.