$ 448.89  477.93  4.76

Ақордада Айдын Айымбетовтің дайындығы туралы сөз болды

Елбасы ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Ақорданың  баспасөз орталығы.

"Кездесуге Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев пен Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Т.Мұсабаев қатысты", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айдын Айымбетов өзінің барлық қажетті тесттер мен емтихандарды сәтті тапсырғанын айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президентіне Айдын Айымбетовтің штаттық режім бойынша Халықаралық ғарыш станциясына ұшуға дайындығының барысы жөнінде хабарланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ғарыш қызметі саласына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары