22 жаста қаза болған Қазақстандық Константин Ивановтың жақындары жол апатына себепкерді сотқа бермекші деп хабарлайды «Наш Костанай»газеті.
Костяның әкесі Юри Ивановтың айтуынша марқұм ұлы өзінің кезекті еңбек демалысын шет елде өткізгісі келген. Өкінішке орай бұл сапары қаралы хабармен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік Константин Иванов 9 маусым күні Түркия қаласында жол апатынан мерт болған еді. Жолдастарымен бірге келе жатқан автокөлікке жолдың қарсы бағытына шығып кеткен Mercedes автокөлігі соқтығысады. Алған ауыр жарақатынан
жас жігіт 2 шілде күні қаза болды.
Константиннің жерлеу рәсімінен кейін жақындары жол апатына кінәліні жазалау үшін сот орнына хабарласты. Себепкер «Merсedes»көлік иесі 1950 жылғы қала тұрғыны болып шықты. Жол полициясы кінәліні сол сәтте қамауға алып, уақытынша, елден сыртқа шықпайтыны туралы кепілдеме алынды.