$ 498.34  519.72  4.85

Мұхтар Тайжан қаза болған Сырым Мұратқалиевтің отбасына қамқор болатынын айтты

Қоғамда орны бар, қазақтың біртуар азаматы Мұхтар Тайжан 6-7 наурыз күндері Алматы «Чукутка»түнгі клубында қаза болған Сырым Мұратқалиевтің отбасына қамқор болатынын айтты деп хабарлайды «NewTimes.kz»

Ол: «Қазіргі таңда қаза болған Сырым Мұратқалиевтің отбасына ақпараттық қысым көрсетіп отыр және қылмыскер уақытын өтеп заңды түрде бостандыққа шығуы мүмкін. Сол себепті мен олардың қамқоршысы боламын. Бүгін Дәулет (С.Мұратқалиевтің ағасы) маған  нотариалды сенім хат жазып берді. Сіздерді көзден таса қалдырмаймын, әлемде әділдік орнауы тиіс!» –  дейді.

Естеріңізге сала кетейік,  29 маусымдағы Медеу ауданындағы Алматылық  сотта Александр Кузнецов ҚР ҚК  «Байқаусызда адам өлтірді» деген айыппен 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Белгілі  Қорғаушы  Жахар Өтебеков Facebook парақшасына: «Жоғарғы билік түсінеді ме екен, егер былай қолданса, көпшілік  жақсы эмиграттардан айырылып қаламыз. Қалған бұқараның сенімінен айырлуымыз ықтимал. Біздің тіпті өз өмірімізді құтқаруға құқығымыз жоқ. Бұл қорқынышты және аянышты. Тергеушінің өзі Александрдан күдікті айғақтар тапқаны баріне аян. Ал оны карсылық танытты деп емес, абайсызда жазым етті деп шешім шығарды.Бұл ұлы төреші соттың шешімі. Қорғану мақсатында қарсылық танытудың жазасы, қарсы бетке пышақпен жүгіріп жазым қылғаннан ауыр. Бұл жай ғана қылмыстық құқық. Біз әділдікті күтеміз. Александр Кузнецовты бостандыққа жіберу, жоғарғы соттың халық алдындағы дәрежесін мүлдем түсіргені емес пе? Бұл сансыз жазылған блоктардан да қуатты қару», – деп жазды.

Мұхтар Тайжан Facebook әлеуметтік желісінде «Мәйітке қараңыздар.Міне бетімен ернеуге соғылған адамға ұқсайды ма? Жоқ, бұны арнайы ұрғандығы анық. Қаза болған жігіт музыкалық консервотория фортепиано аспабының  түлегі болатын, отбасылы, баласы бар. Шыға берісте Кузнецовтың алдынан есікті жауып тұрады. Бұл оның ешқандай кикілжің болмағанын қалайтынының дәлелі. Онда пышақ болғандығына сене алмаймын. Оған біреу қойып кетуі мүмкін. Ал фотода пышақ Кузнецовтың қолында. Қылмыскер ІІД генералының немересі екендігін білеміз.Барлық фотолар сотта қаралды», – деп жазған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары