$ 494.87  520.65  4.91

Қазақтың жас жігіті 2 миллион долларын қайырымдылыққа жұмсады

Қазақтың 25 жастағы жігіті Асхат Мырзабаев Ұлыбританиядағы Barclays ірі банк тобында жарты жыл қызмет етіп, 2 миллион доллар табыс тапты. Жас маман бар ақшасын қатерлі ісікпен күрес бойынша зерттеуге бөлді. Бұл туралы Асхат блогер Бота Жұмановаға берген сұхбатында айтты.

"Жобалардағы түпкілікті мақсатым - ақша емес, мен үшін бұл жаңа тәжірибе, жаңа таныстық, жаңа білім мен сын алуға мүмкіндік қана. Бізде банк топ-менеджерлері арасында банк қызметкерлерінің ақшаны қайда жұмсайтынымыз жайлы бейресми әңгіме болды. Барлығы темекі, түнгі клуб, яхта деген сияқтылар деп ойлайды. Алайда Barclays тобындағы көпшілігі салауатты өмір салтын ұстанады, марафонда жүгіреді, еріктілер арасында қызмет етеді. Жалпы, сол кездесуде барлық гонорарымды әлемдік маңызы бар пайдалы іске беретінімді айттым. Мен қаражатты қатерлік ісік саласындағы зерттеулермен айналысатын халықаралық ұйымға құйдым. Банк топ-менеджерлері менің әр фунтым үшін өздерінің екі фунттарын үстінен қосатынын айтты", - деді маман.

"Мен миллион табыс тапқан адамдардың екінші миллионға да шамасы жететініне сенімдімін. Бұл өмірдің басты мақсаты емес қой. Мақсат ақшадан жоғары болуы керек", - деп мәлімдеді ол.

Қазіргі уақытта Асхат дарынды қазақстандықтарға жұмыс іздеп, оларды жұмысқа орналастырумен айналысатын стартаптың негізін қалаушылардың бірі. Жас маманның айтуынша, оның мақсаты - Қазақстанда мүмкіндігі жоғары барлық адамды бір алаңға жинап, еңбек нарығында оларға үздік мүмкіндіктерді ашу.

Айта кетейік, өткен жылы Асхат Twitter компаниясында жұмыс істеді. Сол кезде ол Esquire Kazakhstan журналына берген сұхбатында Google компаниясының атқарушы директоры қызметіне дейін көтерілуді армандайтынын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Жомарт