Шығыс Қазақстанда найзағай түскен малшы ауруханаға жеткізілді, деп жазады altaynews.kz.
Оқиға кеше күндіз Бородулиха ауданындағы Зенковка ауылында болды. 48 жастағы ер адам мал жайып жүргенде ауа-райы күрт бұзылған.
Жарқ еткен найзағайдан ер адамның сол жақ аяғы мен мойнына жай түсіп, күйіп қалды. Қазір зардап шеккен малшы аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.