Ақтөбеде 20 жастағы әйел күйеуімен жанжалдасып, «Белизна» ішіп қойды деп жазады Aktobetimes.kz.
Арадағы жанжалдан кейін әйел ашумен «Белизна» ішкен. Есінен танып қалған ол оянғаннан кейін бір-ақ дәрігер шақырыпты.
«Белизна – химиялық зат. Оның құрамында денсаулыққа зиян тигізетін хлор бар», – деді трансплантология бойынша үйлестіруші Рахимжан Арыстан.
Дәрігерлердің айтуынша әйелдердің отбасылық жанжалдан кейін «Белизна» ішуі жиі болатын құбылыс екен. Бұндай жағдай болғанда адамдар дереу жедел-жәрдем шақыртып, алғашқы көмек келем дегенше көп мөлшере су ішу керек. Себебі, хлор адам ағзасын күйдіріп жібереді.