Қырғызстанның ішкі істер министрлігінде 20 жастағы Бурулай Турдаалықызының өліміне байланысты ішкі тергеу жұмыстары аяқталды.
Министрдің бұйрығы бойынша, Шу облысы ішкі істер бас басқармасының басшысы Нұрлан Сарчаев, оның екі орынбасары және Жайыл ішкі істер департаментінің басшысы қызметтерінен алынған.
Жайыл ішкі істер департаментінің тергеушісі де қыз алып қашу жөніндегі түскен арызды дер кезінде қарамады, «қырғыз милициясының барлық қызметкерлерінің абыройын түсірді» деген айыппен жұмысынан босатылған.
Қызмет тергеуі бойынша ішкі істер органдарының жалпы 23 қызметкері жазаға тартылған.
Қызметтік тергеудің қорытындысы прокуратураға жіберілген. Жайыл ауданы прокуратурасы милицияға қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 316 -бабы («Немқұрайлылық») бойынша іс қозғаған.
27 мамырда Шу облысы Жайыл ішкі істер департаменті ғимаратында 20 жастағы Бурулай Турдаалықызы қаза тапты. Милиция бөлімінде оны алып қашқан жігіт пышақтап өлтірген, кейін өзін де жаралаған. Қазіргі кезде ол ауруханада жатыр.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков милиция бөлімінде мерт болған 20 жастағы Бурулай Турдаалықызының өліміне жол бергендерді аяусыз жазалауды талап етті. Президент бұл туралы 4 маусым күні премьер-министр Мұхаммедкалый Абылғазиевпен кездесуінде айтты.
Дереккөз: centralasian.org