Бұған дейін Нұртас Адамбай «Самая вышка» хитінің америкалық әншіден ұрланғанын айтып, «авторлық құқықтың бұзылуына жол бермеймін» деп әнді youtube каналынан өшіріп тастағанын мәлімдеген. Енді бұл хитті продюсер сатып алып, қазақстандық орындаушыларына сыйға тартып отыр.
«Рамазан айында түсініспеушілік болмау керек. Мен «Самая вышка» әнінің лицензиясын сатып алып, оны Райым мен Артурға сыйладым. Енді олардың бұл әнді орындауға толық құқығы бар.
Бейнебаянды GakkuTV-нің YouTube-тегі арнасынан өшірмеуге болады. Баршаңызды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын», – деді Адамбай өзінің желідегі парақшасында.