$ 443.35  475.54  4.82

«Самая вышка» хит әні плагиат боп шықты (ВИДЕО)

Белгілі продюсер Нұртас Адамбай «Самая вышка» хит әнінің плагиат боп шыққанын мәлімдеді.

Бұл ән «Я – жених» фильмінің саунтрегі болған.  Raim & Artur дуэті шырқайтын шығармаға продюсер бейнебаян түсіріп, кәдімгідей шығындалыпты.

«Біз ешкімнің авторлық құқы тапталуына жол бермейміз. Сол себепті,  бұл әнге қаншама қаржы жұмсағанымызға қарамастан оны Youtube арнамыздан өшірдік», – деді Нұртас Адамбай.

Отандық дуэттің хиті америкалық Майкл Санчестің «Sun Meets the Moon» әні боп шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары