07.06.2018, 07:42

Алматы облысында мешіттен 400 мың теңгені ұрлап кетті

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды. Бұл туралы брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Павлодар облысының аумағында криминалды полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады. Оған РФ Ішкі істер министрлігі Новосібір облысының бас басқармасы іздеу жариялаған.

«Бұдан бөлек, Алматы облысында ҚР Қылмыстық кодексінің 4-бабы 194-тармағы бойынша халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды. Күдіктіден 8 патроны бар Макаров тапаншасы тәркіленді. Айта кетерлігі, өткен түнде Алматы облысы Кербұлақ ауданының ішкі істер бөліміне жергілікті имам орталық мешіттегі сейфтен белгісіз біреулер 400 мың теңге мен бірқатар құжаттарды ұрлап кеткені туралы арыз түсірген. Күдіктілерді ұстау шаралары жүргізілуде», - деді ресми өкіл Алмас Садубаев.

Оның айтуынша, ІІМ-нің өз қатарында сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйелі түрде жүргізіп келеді.

 «Мәселен, Ақтөбе облысы ІІБ өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері айғақтарды бұрмалаған қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметкерін әшкереледі. Осыған байланысты тергеу жүргізілуде», - деді ол.