$ 447.4  477.55  4.76

Астана полициясы елорданың 20 жылдығында бомждарды қаладан қумауға уәде берді

Биыл шілдеде Қазақстан Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өткелі жатыр. Айтулы мерекеге орай полицейлер қаладағы бомждарға тиіспеуге уәде берді. Атап айтқанда, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мереке уақытында тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтарды қала сыртына шығарып тастамаймыз деді.

Есте болса, былтыр ЭКСПО-2017 көрмесі өткен 3 айда Астанадан бомждар ұшты-күйлі "жоғалған" еді. Әлеуметтік желі қолданушылары олардың барлығын дерлік автобустарға салып, өзге өңірлерге тасымалдаған деп жазды. Десе де, полиция бұл жайтты ресми растаған жоқ.

"Бізде тұрғылықты мекен-жайы мен жеке басын арнықтайтын құжаттары жоқ адамдарды орналастыратын арнайы орталықтар бар. Оларды сонда апарып жайғастырамыз. ЭКСПО кезінде әңгіме болғандай, бомждарды самолетпен немесе пойызбен өзге жаққа апарып тастамаймыз, мұндай бұрын да болмаған", - деді И.Лепеха ОКҚ брифингінде.

Еске салайық, былтыр куәгерлер Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарында дала кезіп жүрген бомждардың видеоларын әлеуметтік желілерге жариялаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары