$ 444.22  476.38  4.82

Түркістанға барар жолда жантүршігерлік жол апаты болып, 2 адам қайтыс болды

Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік апат болды. Түркістаннан Шымкентке қарай шыққан «Лада» автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолды бөліп тұрған қоршауға кіріп кеткен деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Жылдамдықтың қатты болғаны соншалық, темір қоршау шойын моторды тесіп өтіп, бүкіл көлікті түйреген күйі төбесінен бір-ақ шыққан. Бұл кезде салонда 5 адам болыпты. Салдарынан көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы сол заматта жан тапсырса, қалған үшеуі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Қазір, қайғылы оқиғаның жайжапсары анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары