$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында 2 жасар сәби көрпе астында тұншығып қайтыс болды

Павлодар облысында 2 жасар сәби көрпе астында қалып қойып, тұншығып қайтыс болған. Бұл туралы өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Қайғылы оқиға Красноармейка ауылында болыпты. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, сәби өз үйінде көз жұмған.

"13 маусым күні сағат 17:05 дәрігерлік амбулаторияға Красноармейка ауылынан 2016 жылы туған сәбиге шақырту келген. Оқиға орнына 17:15-те келген дәрігерлер баланың қайтыс болғанын тіркеді", - дейді Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Дәрігерлер болған жайтты бірден аудандың ішкі істер бөліміне хабарлапты. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Мамандардың айтуынша, кішкентай бала синтепон материалынан тігілген көрпенің арасында қалып қойып, тұншығып қайтыс болған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары