$ 448.15  483.46  4.86

Дубайда 12 830 жұмысшыға берілген ауызашар Гиннестің рекордтар кітабына енді

Дубайда Рамазан айының құрметіне ең үлкен ауызашар ұйымдастырылды. Аталған шара әлемдегі «ең ұзын дастарханы» үшін Гиннестің рекордтар кітабына енді деп жазады әмірліктің gulfnews.com басылымы.

Ауызашарға жайылған дастарханның ұзындығы 6 шақырымды құрайды.  Ауызашарды Дубай полиция өкілдері ұйымдастырған.

Қайырымдылық шарасы ретінде өткен ауызашар негізінен Үндістан, Шри-Ланка, Пәкістан, Қытай, Филиппин және азиялық өзге де елдерден келген 12 830 жұмысшыларға жайылды. Тағамдардың дайындалуына 35 мейрамхана және мемлекеттік түрлі құрылымдардан жиналған 500 ерікті атсалысқан. Тұтас алғанда 200 сағатқа созылған шара ауқымдылығы мен бірегейлігі тұрғысынан Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Дереккөз: «The Qazaq Times»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары