$ 443.85  474.3  4.8

«Балапан» қанатын жая бастады

«Балапан» телеарнасы Байқоңыр қаласында хабар тарата бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазақстан» телерадиокорпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандық «Балапан» балалар телеарнасы өзінің хабар тарату шектерін кеңейтуде. 6 шілдеден бастап «Балапан» арнасы ерекше қауіпсіздік тәртібімен Байқоңыр қаласында хабар тарата бастады. Хабар тарату «Байқоңыр Байланыс Ақпарат» мемлекеттік унитарлық кәсіпорынның жер үстіндегі аналогтық желісі арқылы іске асырылады.

«Балапан» телеарнасының бағдарламалары 29 телевизиялық арнаның таратқышында сағат 7.30-дан 21.30-ға дейін көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қыркүйек күні бірінші отандық балалар арнасы өзінің 5 жылдығын атап өтпекші. Осы аутылы датаға орай көрермендер арасында байқау жарияланды, байқау шарттары бойынша қазақстандық ата-аналар 25 тамызға дейін өз ойларынан құрастырған ертегілерін жолдауларына болады. Ең үздік ертегі желісі бойынша телевизиялық қойылым түсіріліп, кітап шығарылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ұлттық арна