Мектеп жасындағы қыз теріс ағымдағы отбасылы жігіттің азғыруына көніп тұрмысқа шықты, деп хабарлайды «Диапазон» "Діндерді зерттеу орталығы ассоциациясы" директор Юлия Динескоға сілтеме жасап.
«Құрбым әлі мектебін де бітірмеді, ұлттық дәстүрімізге қайшы келетін сектаның азғыруына түсіп қалды. Ол ересек азаматпен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Көп уақыт өтпей жігіт өзінің әйелін талақ етіп, құрбыма үйленетінін айтқан. Екеуі жасырын түрде некелерін киыпты», дейді арбауға түскен қыздың құрбысы.
Мұндай жағдай қазір қоғамды алаңдатып отыр.
Әйелдерге деген мұндай қарым-қатынас бәрінен бұрын сол әйелдердің өзіне қалыпты жағдай болып барады. Оларды қолдан-қолға береді. (...) Әйелдердің жүктілігінің сегізінші айында "Босану кезінде өліп кетуді армандаймын, себебі мен жұмаққа барамын!" деуі қорқынышты. Себебі баланы тәрбиелеп, салауатты отбасын құрып, туыстары мен айналасындағыларға дұрыс үлгі көрсету одан да маңызды", - деді Денисенко.