$ 498.34  519.72  4.85

Қытайда сегізаяқтар мен теңіз шаяндарынан жауын жауды (ВИДЕО)

Қытайдың Циндао қаласында Сары теңізде тұрған дауылдың салдарынан теңіз жәндіктерінен тұратын жауын жауды. Атап айтқанда, адамдар сегізаяқ, теңіз шаяндары мен жұлдыздардың жауып жатқан сәтін видеокамераға түсіріп алып, YouTube видеопорталына жариялады.

Daily Mail басылымы хабарлағандай, Қытайдың метеорологиялық әкімшілігі расымен де теңіз жәндіктерінің жағаға мыңдап шығып қалғанын айтып отыр. Желдің тым қатты тұруынан аталған жәндіктер бірнеше шақырымға дейін ұшып кеткен.

Айта кетейік, былтыр осыған ұқсас жайт Мексиканың Тампико қаласында да болған еді. Ол кезде аспаннан шағын балықтар жауған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары