Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин өзінің Ерейментау ауданына барған жұмыс сапары барысында жел электр станциясының құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Skifnews.kz .
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпорын жел электр станциясының құрылысымен және жаңартылмалы электр қуаты бастауларын пайдалану арқылы электр қуатын өндірумен айналысады. Нысанның жобалық қуаттылығы жылына 45 МВт. Қазақстандағы ең алғашқы өнеркәсіптік ЖЭС болашақта 300 МВт-ға дейін қуат көзін кеңейтуді жоспарлауда.
Бүгінгі күні 22 жел турбиналары орналастырылған, қосалқы бекеттің құрылысы аяқталып, іске қосу және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жоба құны 17,6 млрд. теңгені құрайтын бұл нысан, ағымдағы жылдың 15 тамызында іске қосылады деп жоспарлануда.