$ 494.87  520.65  4.91

Головкин баспасөз мәслихаты кезінде "Канелоны" мазақ етті (ВИДЕО)

Қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек алдында баспасөз мәслихатын өткізді.  Мұның алдында боксшылар ортақ баспасөз мәслихатын өткізуден бас тартқан еді. Олардың "бір-бірін көргісі келмейтіні" айтылған болатын деп жазады Tengrinews.kz.

Головкиннің баспасөз мәслихаты Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Palm мейрамханасында өтті, онда келген қонақтарға "VADA мақұлдаған" тағамдар берілді, - деп хабарлайды.

Осылайша, қазақстандық боксшының командасы допингпен ұсталған Альварестің тамаққа қолданылған еттің құрамы таза емес болды деген сылтауы үшін мексикалықты мазақ етті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары