$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда жеке тұрғын үйдің 8 бөлмесі жанып кетті

Алматыда жеке тұрғын үйден шыққан өртті сөндіруге 30-ға жуық адам қатысты деп жазады ҚазАқпарат.

«20 маусым күні сағат 21:28-де қалалық ТЖД-нің «101» пультіне жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Түрксіб ауданындағы Добровский көшесінде орналасқан 4-үйдің мансард қабаты мен шатыры өртенген.

«Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 21:33-те, яғни 5 минуттан кейін жетті. Жеке  тұрғын үйдің мансард қабаты мен шатыры өртенген. Сонымен қатар құрылысы бітпеген  ағаш үйдің  8 бөлмесі отқа оранған. Құтқарушылар жарты сағат өткен соң ғана, 22.03-те өртті ауыздықтаған.  120 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндіруге  26 құтқарушымен 6 техника күші жұмылдырылды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары