Қостанайлық өрт сөндірушілер мен орман шаруашылығының 4 қызметкері Әулиекөл ауданы Новонежинка ауылы маңындағы тілсіз жаумен арпалысуда.
Жалын қарағай орманының 70-ші және 90-шы кварталын шарпыған. Бұл туралы облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Аудандық орман шаруашылығында орын алған өрт жайлы ақпарат облыс әкімдігінің табиғат ресурстары кезекші диспетчерінен 25 мамырда 16 сағат 33 минутта келіп түскен. Оқиға орнынан арнайы техникамен өрт сөндірушілер келді. Апатпен 15 өрт сөндіру көлігі, 4 трактор, орман шаруашылығының 70 қызметкері, ТЖД жеке құрамынан 61 адам күресуде. Көмекке тоғыз қызметкермен өрт сөндіру пойызы, Қостанай жергілікті атқарушы органдарынан 4 су таситын көлік жұмылдырылды.
Жалын түнге қарай оқшауланды. Өрт шыққан жердің айналасына техника қойылып, жалынды ауыздықтау жұмыстары жүргізілуде.
Жедел штаб мәліметіне сүйенсек, жергілікті халыққа келетін қауіп жоқ. Жақын елдімекен – Новонежинка ауылы өрт аумағынан бірнеше шақырым жерде орналасқан.
Дереккөз: ҚазАқпарат