Түркістан облысында әуежай мен автобекет салынады. Бұл жайында маслихат отырысында аймақ әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді.
«Облыс орталығының Түркістанға көшірілуі біз үшін үлкен мақтаныш пен жауапкершілік. Түркістан түркі әлемінің орталығы болып, оның халықаралық маңызы арта түспек. Облыс орталығында жаңа әкімшілік-іскерлік орталық, мәдени ошақтар, спорттық кешендер мен сауда орталықтары салынбақ. Халықаралық ғылыми, діни, мәдени форумдар өтетін болады. Туризмді дамыту үшін Түркістанда жаңа әуежай мен автобекет салу жоспарлануда. Сонымен қатар ескі теміржол вокзалын қалпына келтіру де жоспарланған», – деді Ж.Түймебаев.
Дереккөз: arhar.kz