Павлодар облысындағы Лебяжі ауданының Тереңкөл ауылында кеше ірі бұршақ жауды. Бұл сәттегі видеоны жерігілкті тұрғындар Instagram парақшасындағы топтың біріне жариялаған.
Жаз айына сай келмейтін бұл табиғи құбылыс желі қолданушыларын таңқалдырды. Олар мұндай ауа-райы солтүстік өңірлерде жиі болып тұратынын жазуда.
Алайда, облыс бойынша «Қазгидрометтің» кезекші синоптигі Елена Головченконың мәліметіне сүйенсек, Тереңкөл ауылында бұршақ жауғаны тіркелмеген.
«Бұл күні Тереңкөл ауылында бұршақ күтілген жоқ және бізде тіркелмеген. Мұндай жағдай біз үшін қалыпты. Бұл жергілікті құбылыс, кей бір аймақта болып тұрады. Жексенбі күні Тереңкөлде тұрақсыз ауа райы болды. Шамалы жаңбыр жауып, найзағай болған. Температура плюс 28 градусты көрсетті», –дейді маман.