$ 494.87  520.65  4.91

Астанадағы Нұра-Есіл каналына кішкентай 4 бала батып кетті

Астанадағы «Пригородный» тұрғын алқабында балалар суға кетті деп хабарлайды ҚР ТЖК ресми өкілі Р.Иманқұлов.

Артынша Нұра-Есіл су арнасында іздестіру жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар балалардың мәйітін таңғы 05:17-де тапқан.

Ақпаратқа сәйкес, 2007 жылғы екі бала, 2006 жылы туған бір бала және 2009 жылы туған бір бала – барлығы төрт бала суға кетіп, көз жұмған.

Қазір оқиғаны полиция тергеп жатыр.

ҚР ТЖМ ата-аналардың балаларды қараусыз қалдырмауға және оларды қауіптер туралы ескертуге шақырады.

Дереккөз: 24.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары