$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда 4 балалы ана үйіне келген қонақты ұрып өлтірді

Қостанайда үйіне келген қонақты ұрып өлтірген 4 балалы анаға сот үкімі шықты деп жазады Аlau.kz.

Оқиға 5 наурыз күні болған. 4 балалы ананың үйіне ер адам мен әйел қонаққа келген. Түнімінен ішімдік ішкен үшеудің ішінде тек қонақ әйел қызымен үйіне қайтады. Ал үй иесі балаларын ұйықтатып, есікті жабайын деп барғанда ер адамның сыртқы есіктің жанында ұйықтап жатқанын көреді. "Үйіңе қайт" деп ер адамды оятқан олардың арасында кикілжің шығып, әйел оны ұра бастайды. Алған соққысының әсерінен әлгі кісі сол жерде қайтыс боп кетеді.

Сот қылмыскердің 4 баласы барын есепке алып, 8 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары