$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысында 2 жасар бала суға батып кетті

Жамбыл облысында 2 жасар бала суға батып, көз жұмды. Бұл туралы жергілікті жердің Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

«Жасөркен ауылында Жамбыл көшесіндегі үйдің бірінде ата-анасының қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала ауладағы үлкен ыдыста толтырылған суға батып кетті. Сәбидің денесін судан туысқандары шығарып алған», – делінген хабарламада.

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері 8 адам суға ағып кетіпті. Олардың төртеуі кішкентай балалар.

Дереккөз: Zhambylnews.kz 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары