$ 439.43  473.31  4.82

Назарбаев Астананың "жасыл белдеуінің" нысандарын аралап, көшет отырғызды

Мемлекет басшысы Елорда күні қарсаңында дәстүрлі түрде Астананың "жасыл белдеуін" тікұшақпен аралап, оның даму барысымен танысты, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев "Жасыл ел" жастар жасағының өкілдерімен бірге елорданың жасыл аймағына ағаш отырғызып, табиғатқа 150 қырғауыл ұшыру шарасына қатысты.

Қазақстан Президенті жастармен әңгімелесу барысында "жасыл белдеу" елорданы шаңды дауыл мен қарлы бораннан қорғау үшін табиғи тосқауыл ретінде жасалғанын еске салды.

"Орман - нағыз табиғи байлық әрі қолайлы тіршілік ортасын сақтаудың маңызды тетігі. Орман-тоғай қаладағы ауаны тазартып, ауа-райын жұмсартуға септігін тигізеді", – деді Елбасы.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары