$ 498.34  519.72  4.85

«Ксеll» 1,5 млрд теңгені өз абоненттеріне қайтарады

«Ксеll» АҚ бәсекелестік заңнамасын бұзғаны үшін өз абоненттеріне 1,5 млрд теңгеден астам қаржыны қайтарып беретін болады. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті атынан осындай нұсқама шығарды.

Соттардың, оның ішінде ҚР Жоғарғы сотының қарау қорытындысы бойынша, аталған нұсқама заңды және негізді деп танылды.

Ағымдағы айда «Ксеll» АҚ тұтынушыларға 2012 жыл – 2013 жылдың 9 айы кезеңінде абонент үшін кез келген қолайлы тәсілмен (заттай мәнде, теңгерім) сомасы 1,5 млрд. теңгеден асатын ақшалай қаражатты қайтаруды бастайды.

Бұл ретте, «Ксеll» АҚ әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп, өз абоненттеріне 2013 жылғы қазаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі (монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық орын алған) кезең үшін ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтаратынын хабарлады дейді Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары