$ 498.34  519.72  4.85

Euronews кезекті түсірілімін Айша Бибі кесенесіне арнады

Euronews телеарнасының “Қазақстаннан ашық хат” деп аталатын айдарындағы кезекті танымдық сюжеті еліміздің Тараз қаласындағы мәңгілік махаббат ескерткіші – Айша Бибі мазарына арналған деп хабарлайды BNews.kz.

“Айша бибі кесенесін толық қалпына келтіру жұмыстары 2002 жылы басталған болатын. Мазардың өзінен бөлек оның айналысындағы бау-бақшалар да қалпына келтірілуде”, – дейді Euronews-тен Симус Кирни.

Аңызға сәйкес, ежелгі билеуші Қарахан бұл кесенені өз сүйіктісі Айша Бибіге арнап тұрғызған. Жас бойжеткен өз туыстарының қарсылығына қарамастан, Қараханмен бірге болуға бел шешеді. Алайда, оны жылан шағып өлтіріп, ол сүйіктісіне жете алмай, арманда кетеді.

“Ортағасырлық Айша Бибі ескерткіші махаббат пен сенімге арналған, ол – қасиетті бойтұмар”, – дейді гид Жемісбек Жадыраев.

Отбасылық өмірге жаңадан қадам басқан ғашықтардың осында келіп, Айша бибіге құрмет көрсетуі бүгінде дәстүрге айналған.

“Олар мұнда келіп, өз некелерінің мәңгілік болуы, ешқандай қиыншылыққа тап болмай, тату-тәтті өмір сүру үшін ниет етеді”, – деді Жадыраев.

Мазар құрылысының ерекшелігі және ою-өрнектерінің әсемдігі талайды тамсандырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары