$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттік педофилдің баланы зорлағаны анықталды

Шымкентте педофилдің құрбанына айнала жаздаған баламен көрші тұратын зейнеткер оқиғаның қалай болғаны туралы айтып берді. Ол аталған оқиғаның жалғыз куәгері болып қана қоймай, баланы азғыннан құтқарып қалған.

Анықталғандай, ер адам баланы алдап подъезге кіргізіп алған. Әйел күдіктіден қорыққандықтан, оның есімін атаудан бас тартты. Оның сөзінше, өзі жақында жүрегіне ота жасатқан. Сондай-ақ, менің қорғауымды қажет ететін немерелерім бар, дейді ол.

«Мен үйдің ауласындағы орындықта отырғанмын. Осы кезде подъезден әлдекімнің айқайлағанын естідім. Бірден не болып жатқанын білу үшін жүгіріп бардым. Алайда подъездің темір есігісі жабық еді. Мен есікті қаға бастадым. Ал бала әлі шыңғырып жатты. Баланың қатты шыңғырғаны сонша, оны өлтіріп жатыр екен деп ойладым. Мен есікті жұлқылай бастадым. Бір кезде ол ашылып кетті. Бала есікті өзі ашқан екен. Ол әлдекімнің есікті қағып жатқанын біліп, әйтеуір дегенде тетікті басып үлгеріпті. Ол өзін-өзі құтқарып қалғандай болды. Есікті ашсам, ер адам тұр. Оның жанынан көршінің баласының жылап тұрғанын көрдім. Мен не болғанын бірден түсініп, ер адамды ұра бастадым. Алайда ол сытылып шығып, қашып кетті. Сол кезде мен оған түрін жаттап алғанымды және полицияға хабарлайтынымды айтып, артынан айқайладым. Мен баланы тыныштандырып жатқаннан бірнеше минут өткеннен кейін көршім келді. Мен оған болған оқиға туралы айтып бердім. Өз кезегінде ол азғынды іздей бастады. Алайда таппады. Мен сол жерде өзім өліп кетеді екенмін деп ойладым», – дейді зейнеткер.

Оқиға орнына жиналғандар жедел жәрдем мен құқық қорғау органдарын шақырған. Куәгерлердің сөзінше, жедел жәрдем көп күттірмепті.

Ал полициядағылардың сөзінше, күдікті сол күні ұсталған. Ол 1985 жылы туған Шымкент тұрғыны болып шықты. Күдікті өз ісін мойындап, жауап берген. Қазіргі уақытта ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ал баланың жақындары мен туыстары дәрігерлердің көмегіне жүгініп, медициналық тексерістен өткізген. Оның нәтижесі бойынша, кәмелет жасқа толмаған баланың зорланғаны расталған.

Ал баланың әжесі жылап тұрып немересімен болған жайды айтып берді.

«Дәрігерлер қолыма медициналық тексерістің қорытындысын ұстаттты. Мұнда зорлық белгісі бар екені көрсетілген. Мұндай адамдарды қалай ғана жер көтереді екен? Ол кішкентай бала ғой», – дейді әжесі.

Қоғам қайраткері және «ДОМ» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Аружан Саинның сөзінше, бұл оқиғадан кенін елімізде бала зорлығына қатысты мәселені көтеру керек.

«Зорлыққа қатысты әр жағдай – бұл қасірет. Ал балалардың зардап шегуі- тіпті сұмдық. Мұндай жағдайдың біздің елде болып жатқаны, осындай жағдайды өз азаматтарымыз жасап жатқаны сұмдық. Зорлайды, олардың ісін жасырып бағады… Біз балалардың ересектер тарапынан, балалардың барапынан зорлық көріп жатқанын көріп отырмыз. Мұнда жедел түрде екі затты түсіну керек. Олар: себебі және мұндай қылмысты тоқтату үшін қандай шұғыл шаралар қолданылуы тиіс екендігі», – дейді қоғам қайраткері.

Сонымен қатар Саин мұндай қылмыс үшін жауапкершілік пен жазаны қатаңдату керектігін айтты.

«Балалар үйіндегі жағдайлар, ОҚО-дағы 7 жасар баланың жағдайындағыдай, балалар үйінің, мектептердің директорлары, қызметкерлері өз міндеттері бойынша полицияға хабарламаған. Олардың қылмысты жасыруға немесе өздері шешуге құқығы жоқ. Заң бәріне бірдей болуы тиіс әрі заң бұзушылыққа бұлтартпас жаза қолданылуы тиіс», – дейді Саин.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Шымкентте балаға тиіспек болған педофил ұсталған еді.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары