$ 494.87  520.65  4.91

Құдай ақырын берсін: Астанадағы перзентханада осымен үшінші әйел қайтыс болды

Астанадағы перзентханада тағы бір жаңа туған келіншек қайтыс болды. Бұл туралы хабарды NewTimes.kz редакциясына оқырмандардың бірі жеткізген.

"Кеше жаңа босанған әйел қайтыс болды. Ол кесеровамен босанған. Туыстары жылады. Медбикелер мен акушерлер олай-бұлай жүгіріп жүрді. Енді босанғалы жатқандарды басқа перзентханаға жіберіп жатыр", - деп жазылған хатта.

№ 1 перинаталды орталық бұл жағдайға қатысты қандай да бір мәлімет беруден бас тартты. Ал қалалық денсаулық сақтау басқармасы бүгін сағат 17:30-да осы мәселеге қатысты брифинг өткізетіндерін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін 2 бірдей жаңа туған ана дәл осы перзентханада көз жұмған еді. Олардың бірі өзі, екіншісі Кесеровамен босанған. Қазір олардың балалары ауруханада жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары