04.07.2018, 06:30

Қызылорда облысында 47 жастағы азамат суға ағып кетті

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында 47 жастағы азамат суға кетті деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға аудан орталығы – Жосалы кенті тұсындағы Сырдария өзені бойында болған.

«Азамат рұқсат етілмеген орында суға түскен. Оның денесін судан бірнеше сағаттан кейін төтенше жағдайлар мамандары алып шықты», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін тағы да үш адам суға кетіп, көз жұмған болатын.